Accessibility links

Ауғанстан мен АҚШ келісімге қол қоймақ


Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани ант қабылдап тұр. Кабул, 29 қыркүйек 2014 жыл.
Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани ант қабылдап тұр. Кабул, 29 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін АҚШ пен Ауғанстан қауіпсіздік туралы келісімге қол қоймақ. Бұл жайында Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғанидың өкілі хабарлады. Келісім биыл 31 желтоқсанда Ауғанстандағы халықаралық күштер миссиясы аяқталғаннан кейін бұл елде 10 мыңға жуық АҚШ әскерінің қала беруіне мүмкіндік береді.

Құжатқа АҚШ атынан осы ел президентінің кеңесшісі Джон Подеста қол қояды. Ол 29 қыркүйекте Кабулде өткен Ашраф Ғаниды ұлықтау салтанатына қатысқан.

Бұған қоса Кабул осы аптада осыған ұқсас келісім жасасады деген болжам бар. Келісім жасалса, негізінен Ұлыбритания, Германия, Италия және Түркияның төрт-бес мың сарбазынан құралған контингент Ауғанстанда әскери емес міндеттерді атқару үшін қала бермек.

XS
SM
MD
LG