Accessibility links

"Еуромайдан" Лех Валенса сыйлығын алды


"Еуромайдан" делегациясы Лех Валенса сыйлығымен марапаттау рәсімінде. Гданьск, Польша, 29 қыркүйек 2014 жыл.

"Еуромайдан" делегациясы Лех Валенса сыйлығымен марапаттау рәсімінде. Гданьск, Польша, 29 қыркүйек 2014 жыл.

Украинада ресейшіл биліктің құлауына ықпал еткен "Еуромайдан" қозғалысы Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса атындағы сыйлықпен марапатталды. Сыйлық Майдан делегациясына 29 қыркүйекте Польшаның Гданьск қаласында табыс етілген.

Украина делегациясының мүшесі, Киев мэрі және УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко "Бұл сыйлық - өз еркіндіктері мен болашағы, демократия мен әділеттілік үшін көтерілген миллиондаған украиндықтардың марапаты. Сыйлық еуропалық таңдауы үшін қан төккен Украинаның ұмтылысын мойындау болып саналады. Бұл - бірінші кезекте Майданда өмірін қиған украин патриоттарын мәңгі есте сақтау" деп мәлімдеді.

"Еуромайдан" делегациясының құрамында әнші Руслана, "Свобода" партиясының жетекшісі Олег Тягнибок, журналист әрі қоғамдық белсенді Татьяна Черновол, Майданның бұрынғы коменданты Андрей Парубий және басқалар бар.

Бұл сыйлықты 2008 жылы Польшаның бұрынғы президенті, "Солидарность" кәсіподағының және 1980 жылдардағы жұмысшылар қарсылығының жетекшісі Лех Валенса өзіне 1983 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілгеніне ризашылығы ретінде тағайындаған.

100 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай жүлдесі бар сыйлық халықтар арасындағы ынтымақтастыққа, еркіндік үшін күреске және "Солидарность" қозғалысының құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін беріледі.

2013 жылы Лех Валенса сыйлығы ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийге берілген.

XS
SM
MD
LG