Accessibility links

Семейде мектепте астан уланғандар саны 70-ке жетті


Мектеп асханасында тамақ ішіп отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)
Мектеп асханасында тамақ ішіп отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)

Семей қаласында мектеп асханасында тамақтан уланғандар саны 70 адамға жетті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Семейдегі 19-мектептің асханасында тамақтан уланғандар 25 қыркүйекте өздерін жайсыз сезінетіндігін шағым айтып, дәрігерге жүгінген. Әуелде олардың саны 54 адам болған еді.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, қазір Семей қаласында 32 оқушы мен асхананың екі қызметкері ауруханада, тағы 36 оқушы үйден ем алып жатыр.

Астан уланғандарға «ішек токсикоинфекциясы, гастроэнтерит түскен» деген диагноз қойылған.

XS
SM
MD
LG