Accessibility links

ҰҚК репрессия жайлы құжаттарды ІІМ-не өткізді


Советтік ОГПУ-НКВД мұрағатындағы құжаттар. (Көрнекі сурет)

Советтік ОГПУ-НКВД мұрағатындағы құжаттар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мұрағатына қуғынға ұшырап, сот ақтаған азаматтардың және ақталмайтын азаматтарға қатысты мыңдаған қылмыстық істер мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери тұтқында болған СССР азаматтарының іс материалдарын өткізді.

Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қуғын көріп, сот ақтаған азаматтардың қылмыстық істеріне сотталып, кейін ақталған азаматтардың және тергеу кезінде айыбы дәлелденбеген азаматтардың істері жатады.

Ақталмаған азамттардың істеріне "Отанын сату", бейбіт тұрғындар мен әскери тұтқындарға қатысты "күштеу әрекеттерін жасағанына дәлелі жеткілікті" азаматтардың қылмыстық істері жатады. Бұған қоса 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде Отанын сатқандар мен оккупанттарға болысқандарға, бандалық топ құрып, сол арқылы кісі өлтіргендерге қатысты қылмыстық істер де полиция мұрағатына берілген.

Ресми агенттіктердің хабарлауынша, облыстық ішкі істер департаменттерінің арнайы мемлекеттік мұрағаттарына өтініш білдіріп, саяси қуғын-сүргін көрген азаматтар мен олардың ақталғаны туралы мұрағат құжаттарының көшірмелері мен анықтамаларды алуға болады.

XS
SM
MD
LG