Accessibility links

Алматыға православ әулиесінің сүйегі әкелінді


Алматыдағы әулие Вознесенский соборы. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы әулие Вознесенский соборы. (Көрнекі сурет).

Алматыға православтар қасиетті санайтын Сергий Радонежский сүйегінің жұрнағы әкелінді. Айтулы оқиғаға орай қаладағы әулие Вознесенский соборында мерекелік құлшылық рәсімі өтті. Оған Орыс православие шіркеуінің Қазақстан мен шетелдердегі епископтары қатысты.

Бұл діни жоралғы әулие Сергийдің туғанына 700 жыл толуына арналған шаралар аясында ұйымдастырылып отыр.

Православтарда киелі саналатын әулие Сергийдің сүйегі Мәскеу түбіндегі Троицк соборында тұрақты сақталады. Жыл сайын көптеген діндарлар ол жерге арнайы зиярат жасап қайтады.

XS
SM
MD
LG