Accessibility links

Одессада депутат Нестор Шуфрич соққыға жығылды


Депутат Нестор Шуфрич соққыға жығылғаннан кейін. Youtube сайтындағы видеодан скриншот. 30 қыркүйек 2014 жыл.

Депутат Нестор Шуфрич соққыға жығылғаннан кейін. Youtube сайтындағы видеодан скриншот. 30 қыркүйек 2014 жыл.

Украина парламенті - Жоғарғы Раданың "Аймақтар партиясынан" сайланған депутаты Нестор Шуфрич 30 қыркүйекте Одессада сайлау кампаниясы кезінде соққыға жығылды. Ол 26 қазанға белгіленген парламент сайлауы қарсаңында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп жүрген.

Шуфрич бұрынғы президент Виктор Янукович тұсында 2012 жылдың соңына дейін Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі төрағасының орынбасары болған.

Оннан аса адам облыстық әкімшілік ғимаратына кетіп бара жатқан Шуфричке шабуылдаған. Олардың кейбірі беттерін маскамен жауып, үстілеріне жеңінде "Оңшыл сектор" деген жазуы бар камуфляж киіп алған. Бірнеше соққы тиіп, беті қанаған депутатты оқиға орнынан оққағарлары алып кеткен.

Нестор Шуфрич Киевтің Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы жүргізген әскери операциясына қарсы. Жақтастары Шуфричті батысшыл және ұлтшыл партиялармен бәсекелес оппозициялық блок атынан сайлауалды кампаниясын жүргізген дейді.

XS
SM
MD
LG