Accessibility links

Қазақстан президенті Ақтауға келді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы Қазақстан мен ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумынан кейін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында Назарбаев Маңғыстаудағы бірқатар нысандарға барып, аймақ кәсіпкерлерімен және қоғам өкілдерімен кездеспек.

Назарбаевтың сапары қарсаңында облыс орталығы Ақтауда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Облыс билігі журналистермен кездесуде оларға әлеуметтік қарсылықтар туралы материалдар жазудан тартына тұруға, президент келгенге дейін оның сапары туралы жазбауға және сайттардағы комментарийлерге мұқият модерация жасауға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG