Accessibility links

Ресей АҚШ-пен оқушы алмасуды тоқтатпақ


Мәскеудегі мектептердің бірі. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі мектептердің бірі. (Көрнекі сурет)

АҚШ Ресейдің екі ел арасындағы бірлескен оқушы алмасу бағдарламасын тоқтату туралы шешіміне қынжылыс білдірді. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Теффтің айтуынша, Мәскеу 30 қыркүйекте америкалық елшілікке келесі жылдан бастап "Болашақ жетекшілерді алмасу" бағдарламасынан бас тартатыны жайлы ескерткен.

Тефф 21 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағдарлама "АҚШ пен Ресей азаматтары арасында берік байланыс орнатқанын" айтады.

Бұл бағдарлама ресейлік оқушылардың бір жыл АҚШ-қа барып, америкалық отбасымен бірге тұрып, жергілікті мектептерде білім алуына мүмкіндік жасайтын.

XS
SM
MD
LG