Accessibility links

Мәжіліс ЕАЭО келісімін мақұлдады


Ресей, Қазақстан және Беларусь басшылары Еуразия экономикалық одағын құру келісімін бекітіп тұр. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Ресей, Қазақстан және Беларусь басшылары Еуразия экономикалық одағын құру келісімін бекітіп тұр. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) Ресей, Қазақстан, Беларусь мүше болып отырған Кеден Одағы негізінде құрылған еді. Одақ құру келісіміне үш елдің басшылары биыл 29 мамыр күні Астанада қол қойған. ЕАЭО қызметіне 2015 жылы 1 қаңтар күні кіріседі деп белгіленген.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, ЕАЭО аясында тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмысшы күші айналымы еркін жүреді. Одақ мүшелері осы және халықаралық келісімдер бойынша экономика саласында өзара келісілген немесе бірдей саясат жүргізеді.

Келісімге сай ЕАЭО-да мынадай органдар – жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес, еуразиялық үкіметаралық кеңес, еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО соты жұмыс істейді.

Ресей мемлекеттік думасы Еуразия экономикалық одағы келісімшартын 26 қыркүйекте ратификациялаған. Келісім жобасын қараған Ресей депутаттары оны «тарихи құжат» деп атаған.

Кеден Одағына қосып алу үшін постсоветтік республикаларға қысым жасап отырған Ресей билігі «бұл құрылым Еуропа Одағы сияқты мемлекеттер бірлестігіне айналады» дейді.

XS
SM
MD
LG