Accessibility links

Мәжіліс Ресей азаматтарының келу тәртібін мақұлдады


Ресей паспорты. (Көрнекі сурет)

Ресей паспорты. (Көрнекі сурет)

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы азаматтардың екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге 2012 жылы 7 маусымда Астанада қол қойылған. Мәжілістің халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, құжатта Қазақстан мен Ресей азаматтарының екінші елдің территориясында 30 күн бойы құзырлы органдарға тіркелмей жүре беруіне мүмкіндік беру қарастырылған.

Қазақстан я Ресей азаматтарының екінші елде уақытша болу мерзімі олардың баратын елінің шекарасынан өткен күннен басталады. Шекарада оларға барған елдің шекаралық бақылау бекетінен шекарадан өткенін растайтын карта беріледі.

Екінші елде болу мерзімі 30 күннен асқан жағдайда азамат сол елдің заңы бойынша құзырлы органдарға барып тіркелуге міндетті.

XS
SM
MD
LG