Accessibility links

Украина жайлы фильм "Таң" эфирінен түсіп қалды


"Таң" телеарнасының журналисі Қасым Аманжолұлы (жоғарыда оң жақта) баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 18 қыркүйек 2014 жыл.

"Таң" телеарнасының журналисі Қасым Аманжолұлы (жоғарыда оң жақта) баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 18 қыркүйек 2014 жыл.

Алматыдағы «Таң» жекеменшік телеарнасы Украинадағы жағдайды көзімен көріп қайтқан қазақстандық журналистер түсірген деректі фильмді телеэфир бағдарламасынан алып тастады.

Бұл туралы бүгін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған осы фильмнің авторы журналист Қасым Аманжолұлы бұл көрсетілімді күткен көрермен қауымнан кешірім сұраған. Оның сөзінше, «Майданнан майданға дейін» және «Қырым» атты екі бөлімнен тұратын арнайы тележоба «Таң» телеэфирінен қазанның 1-і мен 2-і күндері көрсетіледі деп жоспарланған.

«Таң» телеарнасының директоры Жұлдыз Кәден деректі фильмнің эфирден алынып тасталғаны туралы «ешқандай комментарий бермейтінін» айтса, журналист Қасым Аманжолұлы «Олардың кінәсі жоқ деп ойлаймын. Қолдан келгенше беруге тырысты» деді Азаттыққа.

Өткен аптада 365info.kz сайтына берген сұхбатында «Таң» арнасының құрылтайшысы Арманжан Байтасов «Украинаға барып қайтқан журналистке қоқан-лоққы жасалып жатқанын» айтқан еді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG