Accessibility links

Орталық Азия елдері әскерден жалтаруды тыймақшы


Қырғызстан сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Орталық Азия елдерінің үкіметтері 1 қазанда басталған күзгі міндетті әскерге шақыру науқаны кезінде жастардың әскери борышын өтеу міндетінен жалтаруына жол бермеуге әрекеттеніп жатыр.

Қырғызстан қарулы күштері бас штабының өкілі Руслан Абдрахмановтың айтуынша, әскерге барудан бірнеше рет қашқақтағандар елден кетіп қалмауы үшін олардың аты-жөні Қырғызстанның шекара қызметіне жіберіледі.

Тәжікстандағы екінші ірі қала - Ходжендтің мэрі Раджаббой Ахмадзода аймақ шенеуніктерінің балаларының тізімі дайындалып жатқанын айтады. Оның сөзінше, тізім шенеуніктердің балалары әскерге бірінші болып шақырылуы үшін жасалып жатыр.

Қырғызстан заңы бойынша, 18 бен 27 жастағы ерлер - бір жыл, ал Тәжікстанда - екі жыл мерзімге әскери борышын өтеуге міндетті. Бірақ, СССР құлағалы бері бұл елдерде әскерден жалтару оқиғалары көбейген.

XS
SM
MD
LG