Accessibility links

Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрир" "мүшелері" ұсталған


"Хизб-ут-Тахрир" ұйымы ұйымдастырған шеру. Украина, Симферополь, 7 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

"Хизб-ут-Тахрир" ұйымы ұйымдастырған шеру. Украина, Симферополь, 7 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысында тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» исламшыл ұйымына кірді деген күдікпен бір топ әйел ұсталған.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 мен 25 жас аралығындағы жеті әйел Ноокен ауданында арнайы операция барысында қолға түскен. Полиция ұсталған әйелдердің «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жұмысына «белсене араласып, жергілікті тұрғындар арасында ұйымға жаңа мүшелер тартқанына» дәлелдер барын айтады.

Орталығы Лондонда орналасқан «Хизб-ут-Тахрир» сүнниттік саяси ұйымы «барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді» мақсат тұтады. Қырғызстан, Қазақстан және постсоветтік елдердің бірқатары «Хизб-ут-Тахрирдің» қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG