Accessibility links

Қазақ балуаны мен жеңіл атлеттер Азиадада үздік шықты


Азиадада күресіп жатқан балуандар
Азиадада күресіп жатқан балуандар

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия олимпиадасында 1 қазан күні грек-рим күресінен 120 килограмм салмақта сайысқан қазақстандық Нұрмахан Тінәлиев финалда қарсыласын еш қиындықсыз жеңіп, алтын жүлдегер болды. Тінәлиев 2010 жылы Гуанчжоудағы Азия ойындарының да чемпионы атанған.

800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева 1:59.02 минут нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да осы қашықтықта чемпион болған.

200 метрге жүгіруде Ольга Сафронова да Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол мұның алдында 100 метрге жүгіруде қола медаль алған.
Үш қарғып секіруде Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова 14.32 метр нәтижеге жетіп, алтын медаль иеленді. Тағы бір қазақстандық Ирина Эктова 13.77 метрге секіріп, қола жүлдегер атанды. Рыпакова 2010 жылғы Азия ойындарында да чемпион атанған.

Қазақстан қазір Азия ойындарында алған 20 алтын, 17 күміс, 29 қола медалімен жалпы есепте төртінші орында тұр. Азиада 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG