Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысының Горный кентіндегі түрмеде жазасын өтеп жатқан құқық қорғаушы Вадим Курамшин 30 қыркүйек күні аштығын тоқтатқан. Мұның алдында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Азаттыққа берген осыған ұқсас мәліметті Курамшиннің анасы Ольга Колтунова растады.

- Ол жаңа ғана маған звондап, аштықты тоқтатқанын айтты. "Бұл туралы бейресми өтінішті адвокаттың көзінше емес, камераға қайта барғасын жаздым" деді, - деп хабарлады Ольга Колтунова Азаттыққа.

Курамшиннің аштық акциясы он шақты күнге созылған.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин 2012 жылдың желтоқсанында бопсалау айыбы бойынша 12 жылға сотталған. Ол өзін кінәсізбін деп санайды. Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның адами өлшем бойынша конференциясында қазақстандық белсенділер Вадим Курамшинді түрмеде де қудалау жалғасып жатқанын айтқан. Қазақстан билігі мұндай мәліметті жоққа шығарып, айтылған сынмен келіспейді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG