Accessibility links

АҚШ құпия қызметінің басшысы отставкаға кетті


АҚШ құпия қызметінің отставкаға кеткен басшысы Джулия Пирсон.

АҚШ құпия қызметінің отставкаға кеткен басшысы Джулия Пирсон.

АҚШ құпия қызметінің директоры Джулия Пирсон президент Барак Обаманың күзетіне қатысты бірнеше келеңсіз оқиғадан соң отставкаға кетуге өтініш білдірді. Ақ үй өкілі Джош Эрнестің айтуынша, Обама телефонмен сөйлескенінде Пирсонға атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, ведомствоға жаңа басшы қажет екенін айтқан.

Өткен айда Ақ үй территориясына қарулы адам кіріп кеткен еді. Ол оқиғаға байланысты 30 қыркүйекте Пирсон конгресс комитетінде жауап беруге шақырылған.

Джулия Пирсон құпия қызметті 2013 жылдың наурыз айынан басқарған. Енді оның орнына құпия қызмет директорының міндетін атқарушы болып Джозеф Кланси тағайындалды.

XS
SM
MD
LG