Accessibility links

Cенат сайлауының қорытындысы шықты


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүгін 1 қазанда өткен парламент сенатының депутаттары сайлауының қорытындыларын жариялады.

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәлімдеуінше, он төрт облыс пен Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижесінде келесі 16 адам сенат депутаты болып сайланған. Тұрғанқұловтың айтуынша, сайланған депутаттардың орташа жасы 56 жасты құрайды.

Сайлау сенат депутаттарының конституция бойынша белгіленген өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты өткізілді.

Сенатта 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Ал қалған 32-сін облыстық және Алматы мен Астана қалаларының мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2011 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG