Accessibility links

Петропавл әкімі қызметінен кетті


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закарьянов отставкаға кетуге өтініш берді деп хабарлайды ресми агенттіктер.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Закарьянов қызметтен кету жайлы өтінішін Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Ерік Сұлтановқа 1-қазан күні түстен кейін берген. Әзірге Закарьяновтың не себепті отставкаға кетуге өтініш бергені белгісіз.

Төлеген Закарьянов Петропавл әкімі қызметін 2013 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін атқарып келген.

XS
SM
MD
LG