Accessibility links

Меркель Путинді сепаратистерге ықпал етуге шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы сепаратистерге ықпал етуге міндетті деп мәлімдеді. Бұл жайында Меркель Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенінде айтқан.

Германия үкіметі баспасөз хатшысының айтуынша, екі ел басшылары Украинада күн сайын зорлық-зомбылық болып жатқанына алаңдаушылық білдірген.

Меркель Украина мен Ресей арасындағы шекара бақылауға алынуы қажет екенін және оны жүзеге асыруда ЕҚЫҰ-ның рөлі үлкен екенін айтқан. Ол Германия ЕҚЫҰ-ның Украинадағы миссиясын қолдай беретінін білдіріп, оның алда жоспарланған аймақтардағы сайлаулар кезінде Донецк мен Луганскіде маңызды рөл атқаратынын айтқан.

Бұған дейін НАТО-ның жаңа бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы бітім үлкен мүмкіндіктер ашатынын, бірақ "Ресейдің әлі де бұл елде тұрақсыздық орнатуға күші жететінін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG