Accessibility links

Қырғызстанда қытайлық 16 азамат ұсталды


Бішкек полицейлері. (Көрнекі сурет)

Бішкек полицейлері. (Көрнекі сурет)

Бішкекте Қытайдың 16 азаматы «полицияға шабуыл жасады» деген күдікпен ұсталған.

Бішкек қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақыт Сейітов Азаттықтың Қырғыз қызметіне ұсталған шетелдіктерге қылмыстық кодекстің «бұзақылық», «билік өкіліне шабуылдау» және «бөтеннің мүлкіне зақым келтіру» деген баптары бойынша айыптар тағылғанын айтты.

Полицияның ақпараты бойынша, 30 қыркүйекте Қытайдан Қырғызстанға құрылысқа жұмыс істеуге келген бір топ адам Бішкектің орталығында полиция өкіліне соқтыққан. Бұл оқиға кезінде Қытай азаматтарының «ішімдіктен масайып жүргені» туралы хабарланып отыр.

Бүгін Бішкек соты істі тергеу кезінде күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім шығаруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG