Accessibility links

ДБ: Украина экономикасы 8 пайызға кемиді


Дүниежүзілік банктің Украина, Беларусь және Молдова бойынша директоры Цимяо Фэн.

Дүниежүзілік банктің Украина, Беларусь және Молдова бойынша директоры Цимяо Фэн.

Дүниежүзілік банк (ДБ) Украинаның шығысындағы сепаратистік әрекеттерге байланысты биыл ел экономикасының дамуы 8 пайызға төмендейді деген болжам айтты.

Дүниежізілік банктің Украина, Беларусь және Молдова бойынша директоры Цимяо Фэннің 2 қазанда Киевте мәлімдеуінше, банк бұған дейін Украинаның биылғы жылғы экономикалық дамуы 5 пайызға кемиді деген болжамын өзгерткен. ДБ Украина экономикасының құлдырауы 2015 жылы да жалғасады деген жорамал жасап отыр.

Цимяо Фэннің сөзінше, Украинаның шығысындағы дағдарыс елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) көлемін банк болжаған деңгейден де төмен түсіріп жіберген.

XS
SM
MD
LG