Accessibility links

Ит пен мысық қонақүйі


4 қазан - жануарларды қорғау күні. Осы орайда Азаттық тілшісі Шымкенттегі ит пен мысыққа арналған арнайы қонақүйге барып қайтты. Ашылғанына жарты жылдан асқан қонақүйде бүгінге шейін 400-ге жуық ит пен мысықты иелері уақытша қондырған. Әр мысықтың бір күн түнегені – 1000 теңгеден, иттікі – 1500 теңге. Мұнда түнемел орынмен қоса, мал-дәрігерлік клиника, дәріхана және дүкен, тіпті сұлулық салоны да бар. Шымкент, 3 қазан 2014 жыл. Авторы – Дилара Иса.

XS
SM
MD
LG