Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан тағы үш медаль алды


Азия ойындарында сайысқа түсіп жатқан таэквондошылар. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Азия ойындарында сайысқа түсіп жатқан таэквондошылар. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық Ринат Сағындықов Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден күміс жүлдеге ие болды.

Жарысқа 67 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Сағындықов алғашқы айналымдарда иорданиялық Моуса Саид Башар Алнажарды, катарлық Касим Әли Джи Гавиделаны, непалдық Мукундру Махаджанды, кувейттік Абдулазиз Алихты жеңіп, финалда жапониялық Широто Шинохарадан ұтылған. Бұл – биылғы Азия ойындарында Қазақстанның каратэден алған алғашқы медалі.

Таэквондодан 68 килограмда Қайрат Сарымсақов Азия ойындарының қола медалін иеленді. Ол алғашқы айналымда ауғанстандық Абдул Гафарды және Сауд Арабиясының өкілі Гази Мушабабты ұтқан. Ал жартылай финалда ирандық Бехнан Асбахиханнан жеңіліп, үшінші орын алды.

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалда Қытайдан ұтылып, қола жүлде үшін өткен матчта Гонконгты 12:0 есебімен жеңді.

Қазір Қазақстан 20 алтын, 18 күміс, 31 қола медалімен жалпы есепте төртінші орында тұр. Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG