Accessibility links

Түркия: армия Ирак пен Сирияда операция жүргізе алады


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ел парламентінде сөйлеп тұр. Анкара, 1 қазан 2014 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ел парламентінде сөйлеп тұр. Анкара, 1 қазан 2014 жыл.

Түркия парламенті үкіметке Ирак пен Сирия жерінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы әскери операциялар жүргізуге рұқсат етті. Қабылданған шешім бойынша, түрік үкіметі қажет деп тапқан жағдайда өзімен көршілес екі мемлекеттің аумағында әскери шаралар өткізуге бір жыл мерзімге мандат алып отыр.

Бұған дейін бірнеше ай бойы Түркия «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы күрес мәселесінде ұстамдылық танытып келген еді. Әзірше ресми Анкара ИМ экстремистеріне қарсы АҚШ бастаған халықаралық коалицияға нақты қандай іс-қимылдармен қолдау көрсететіні туралы ештеңе айтқан жоқ.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сириялық босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сирияның Түркиямен шекарасы бойында қауіпсіздік аймағын белгілеп, ол жерде ұшақ ұшуына тыйым салуды ұсынған.

Вашингтон «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы халықаралық альянс құру мәселесі бойынша АҚШ өкілінің жақын уақытта Түркияға баратыны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG