Accessibility links

Донецкіде Қызыл Крест өкілі мерт болды


Снаряд түскен Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Донецк қаласындағы ғимараты. 2 қазан 2014 жыл.
Снаряд түскен Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Донецк қаласындағы ғимараты. 2 қазан 2014 жыл.

Халықаралық Қызыл Крест ұйымы өз қызметкері Украинаның шығысындағы Донецк қаласында қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

France Presse агенттігінің жергілікті тұрғынның айтқанына сілтеме жасап хабарлауынша, 2 қазан күні Донецкідегі Халықаралық Қызыл Крест ұйымының ғимаратына снаряд түскен. Ғимаратты кім атқылағаны әзірше белгісіз қалып отыр.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» «қорғаныс министрлігі» қаза тапқан адамның Швейцария азаматы екендігін хабарлаған.

Ресейшіл сепаратистер бақылауда ұстап отырған Донецк қаласында қазанның 1-інен бастап әуежай маңында ұрыстар үдеп кетті. Сепаратистер әуежайға бақылау орнатуға тырысып жатыр.

2 қазанда Украина әскери басшылығы сепаратистердің «кең көлемді» шабуылды жалғастырып жатқаны туралы хабарлады. Қыркүйектің 5-і күні атысты тоқтату туралы жасалған бітімге қарамастан, Донецк әуежайы маңында ұрыстар жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG