Accessibility links

Татарстанда белсенді Фаузия Байрамова сотталды


Фаузия Байрамова (ортада) сот залында тұр. Набережные Челны, Татарстан, 1 қазан 2014 жыл.

Фаузия Байрамова (ортада) сот залында тұр. Набережные Челны, Татарстан, 1 қазан 2014 жыл.

Татарстанның Набережные Челны қаласының соты белсенді Фаузия Байрамованы «дүрдараздық пен өшпенділік қоздырған» деген айыппен бір жыл шартты мерзімге соттау туралы үкім шығарды.

Сот ісіне белсендінің әлеуметтік желілерде жариялаған жазбалары себеп болған. Онда Байрамова Татарстанда мұсылмандар тұтқындау, тінту, қуғындау, түрмеге отырғызу, мертіктіру сияқты қауіп-қатерлерден көз ашпай отыр деп жазған еді. Осының барлығын мемлекеттің атынан билік органдары – полиция, федералдық қауіпсіздік қызметі, тергеу комитеті, прокуратура мен сот орындары атқарып отыр деген ол. Фаузия Байрамова Қырымды Ресейге қосуға үзілді-кесілді қарсы болған Қырым татарларын қолдайтынын айтқан.

Ол сотта өзіне саяси астары бар айыптар тағылып отырғанын мәлімдеп, оны мойындаудан бас тартатынын айтқан.

Жазушы Фаузия Байрамова өзін өзі жариялаған татар ұлттық Милли Межлисінің жетекшісі. 2010 жылы ақпанда Набережные Челны соты оны «ұлтаралық өшпенділікті қоздыру» айыбы бойынша бір жыл мерзімге түрме жазасына шартты түрде кескен еді. Белсенді билік өзін 2009 жылы желтоқсанда Милли Межлистің халықаралық қоғамдастықты Татарстанның Ресейден тәуелсіздігін мойындауға шақырған ашық хаты үшін қуғынға салғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG