Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан каратэден алтын алды


Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының стадионы. Оңтүстік Корея, 2014 жылдың қыркүйегі. (Көрнекі сурет)
Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының стадионы. Оңтүстік Корея, 2014 жылдың қыркүйегі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Андрей Ақтауов (55 килограмм) каратэден чемпион атанды.

Ол 1/8 финалда Теодоро Сатурмино Колиді (Шығыс Тимор) - 8:0, ширек финалда брунейлік Фидаи Саниф Мухамадты - 6:2, жартылай финалда қытайлық Жингчао Санды 7:0 есебімен ұтты. Ал финалда Абдулу Имубарак Альхарбиді (Сауд Арабиясы) жеңді.

Бүгін Қазақстанның жеті боксшы бірдей Азия ойындарының алтынына таласады.

Қазір Қазақстан 21 алтын, 19 күміс, 32 қола медалімен жалпы есепте 4-орында тұр. Азия ойындары 4 қазан күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG