Accessibility links

Минск Украинаға бітімгерлерін жіберуге ниетті


Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елі Украинаға бітімгершілік контингентін жіберуге әзір екені жайлы мәлімдеді. Бұл туралы ол Euronews телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Ресей мен Батыс, АҚШ пен Ресей арасында өзара сенімсіздік орнап отырғанын айта келе Лукашенко «жанжалдасушы тараптарды айыру үшін өз қарулы күштерімді пайдалануға дайын болар едім» деген.

Минскіде қыркүйектің 5-і мен 19-ы күндері Украинадағы жағдайға қатысты өткен үшжақты (ЕҚЫҰ, Украина және Ресей) байланыс тобының келіссөздерінде қол жеткен уағдаластық бойынша, әуелі жанжал аймағында атысты доғару, кейін 12 баптан тұратын меморандум қабылданған. Меморандумда қарсылас тараптар әскери күшін ұрыс жүріп жатқан жерден аулаққа әкетуге және ол жердегі ахуалды ЕҚЫҰ өкілдері бақылайтын болып келіскен.

Жасалған бітім талаптары үнемі бұзылып келе жатқандығына қарамастан, Батыс елдері мен ресми Киев Минскідегі бітімгершілік миссиясына оң баға берген. Мәскеу де Минскідегі келіссөздерге қанағаттанатынын білдірген еді.

XS
SM
MD
LG