Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан бокстан алты алтын алды


Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов осымен екінші мәрте Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов осымен екінші мәрте Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.

Оңтүстік Кореядағы Азия ойындарында бүгін бокстан ерлер арасында өткен финалдық жекпе-жектер нәтижесінде Қазақстан командасы алты алтын және бір күміс медаль иеленді.

Қазақстандық боксшылар Ілияс Сүлейменов (52 келі салмақта), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде) қарсыластарын жеңіп, Азиада чемпиондары атанды.

Бұлардың арасында Данияр Елеусінов – Азия ойындарында екі рет жеңімпаз болған алғашқы қазақстандық боксшы. Ол 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да алтын медальді жеңіп алған.

Ал бүгін 49 килограмда сынға түскен Біржан Жақыпов финалда Чин Чонхуннан (Оңтүстік Корея) жеңіліп, Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

XS
SM
MD
LG