Accessibility links

Донецк әуежайы украиналық әскердің қолында


Әуежайға баратын жолда орналасқан бақылау бекеті қасынан өтіп бара жатқан егде әйел. Донец, 2 қазан 2014 жыл.

Әуежайға баратын жолда орналасқан бақылау бекеті қасынан өтіп бара жатқан егде әйел. Донец, 2 қазан 2014 жыл.

Бірнеше күн бойы кескілескен ұрыс жүріп жатқан Донецк әуежайы украиналық әскерилердің бақылауында деп хабарлады Украинаның шығысындағы арнайы операциялар баспасөз қызметіне сілтеме жасаған украиналық ақпарат құралдары.

Бұған дейін Twitter әлеуметтік желісінде жұмаға қараған түні Донецк әуежайын сепаратистер бақылауға алғанын туралы ақпарат тараған еді, бірақ кейін олар бұл хабарды жоққа шығарған. Бейсенбі күні украиналық әскерилер әуежайға жасалған бірнеше шабуылға тойтарыс берген.

Бүгін таңертең Донецкінің бірқатар аудандарында ауыр зеңбіректерден атқан дыбыстар естілген. Осы апта ішінде Донцкіде атыс салдарынан он бейбіт тұрған мерт болған.

Атысты тоқтату туралы 5 қыркүйекте бітім жасалғалы бері кеше алғаш рет Донецкінің орталығы атқылауға ұшырады. Снарядтардың бірі Халықаралық Қызыл Крест Комитеті ғимаратына түсіп, ұйым қызметкері, Швейцария азаматы Лоран Дюпаскье қаза тапқан. Қызыл Крест бұл оқиғаны гуманитарлық құқықты бұзу деп атады. Уркаина сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отырған Швейцария президенті Дидье Буркхальтер Украина билігі мен сепаратистерді атысты дереу тоқтатып, бұған дейін Минскіде жасалған бітім шарттарын мүлтіксіз орындауға шақырған.

XS
SM
MD
LG