Accessibility links

Құрбан айт мейрамы басталды


Құрбан шалып отырған азамат. (Көрнекі сурет)
Құрбан шалып отырған азамат. (Көрнекі сурет)

2014 жылғы Құрбан айт мейрамы 4 қазан күні басталды. Бұл мерекені әлем мұсылмандары үш күн бойы атап өтеді. Бүгін таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде де құрбан айт намазы оқылды.

Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ол «Әр отбасына жақсылық нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын» деген.

Құрбан айт мейрамы жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Шариғат бойынша Құрбан айтта мұсылмандар құрбан шалады.

Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралайды, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

XS
SM
MD
LG