Accessibility links

Гонконгте полиция мен наразылар қақтығысты


Қолшатыр Гонконг шерушілерінің қарсылық символына айналды. 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қолшатыр Гонконг шерушілерінің қарсылық символына айналды. 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

4 қазан күні Гонконгте шерушілер мен полиция қақтығысты. Қауіпсіздік жасақтары кейбір наразыларды резеңке сойылмен ұрған.

3 қазан күні шерушілерге белгісіз арандатушы топтар шабуыл жасаған еді. Бұдан соң шерушілер саны 10 мың адамға көбейген.

Гонконг полициясы арандатушы 19 адамды ұстағандарын хабарлаған. Полиция дерегіне қарағанда, ұсталғандар - Қытайдағы қылмыстық топ мүшелері. Бұл шабуылдан кейін шерушілер жетекшілері Гонконг үкіметімен болуы тиіс келіссөздерден бас тартты.

Ұлыбританияның бұрынғы колониясы Гонконг 1997 жылы Қытай қарамағына өткен еді. Шерушілер Қытай үкіметінің Гонконг жергілікті билігін сайлау тәртібін өзгерткеніне наразы. Пекин бұл әкімшілік аймақтың жергілікті билік сайлауына түсетін адамды өзі ұсынғысы келеді. Наразылар еркін сайлауды талап етеді. Гонконг аймағы басшысының сайлауы 2017 жылға белгіленген.

XS
SM
MD
LG