Accessibility links

Инчхондағы Азия ойындары аяқталды


Грек-рим күресінен алтын медаль алған Нұрмахан Тінәлиев (130 килограмм). Инчхон, 3 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Грек-рим күресінен алтын медаль алған Нұрмахан Тінәлиев (130 килограмм). Инчхон, 3 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

4 қазан күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медалімен (жиыны 84 жүлде - ред.) жалпыкомандалық есептегі 4-орнын сақтап қалды.

Жарыстың соңғы күні қазақстандық каратэшілер Екатерина Хуповец - күміс, Халид Халидов қола медаль иеленді.

Қазақстан осы жолы Азия ойындарындағы медаль санынан өз рекордын жаңартты. Қазақстан спортшылары 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында 79 медаль (24 алтын - ред.) алған еді.

Келесі Азия ойындары 2018 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG