Accessibility links

Гаитидің бұрынғы диктаторы қайтыс болды


Гаитидің бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювалье.

Гаитидің бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювалье.

4 қазан күні Гаитидің бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювалье («Бөбек Док») 63 жасында жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы Гаити денсаулық сақтау министрі хабарлаған.

Кариб теңізіндегі кедей мемлекетті 1971 жылдан 1986 жылға дейін басқарып, кейін Францияға бассаулағап барған Дювалье 25 жыл шетелде болып, 2011 жылы Гаитиге оралған еді. Отанында оған «коррупциялық былық-шылыққа батқан» және «адам құқықтарын бұзған» деген айыптар тағылған.

19 жасында билікті әкесінен мұрагерлікке қабылдап алған Жан-Клод Дювалье әлемдегі ең жас президент атанған. Оның әкесі Франсуа Дювальенің негізгі мамандығы дәрігер болғандықтан жұрты оны «Папа Док» атап кеткен, ал баласы «Бөбек Док» атанды.

Әкелі-балалы Дювальелер билігі Гаити тарихында қанқұйлы кезең ретінде қалды. Олардың билігі тұсында президенттің жеке күзеті – Тонтон-макуттар (Tonton Macoutes) қолынан, кейбір есептер бойынша, 60 мыңға дейін адам мерт болған делінеді.

XS
SM
MD
LG