Accessibility links

Қазақ күресінен 10-Азия чемпионаты аяқталды


Қазақ күресі. (Көрнекі сурет)

Қазақ күресі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Семейде қазақ күресінен Азияның 10-чемпионаты аяқталды. Үш күнге жалғасқан белдесулер нәтижесінде, барлық салмақ дәрежесінде қазақстандық балуандар алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан командасынан Қуат Бектаев (55 келі), Абзал Арыстанбеков (60 кг), Нұржан Жұмажан (70 кг), Бегімхан Әділбеков (80 кг), Тоқтар Жиентаев (90 кг) және тоқсан келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айбат Сейтен қазақ күресінен құрлық чемпионы атанды.

Сондай-ақ, қыздар арасында 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Зарина Байбатина Азия жеңімпазының алтын жүлдесін ұтып алды.

Семейдегі бұл жарысқа 17 елден 120 балуан қатысқан.

XS
SM
MD
LG