Accessibility links

Грозныйда жарылыстан бес адам қаза болды


Грозныйдағы жарылыс болған орын. 5 қазан 2014 жыл.

Грозныйдағы жарылыс болған орын. 5 қазан 2014 жыл.

Ресей ішкі істер министрлігінің Шешенстандағы бөлімінің мәліметінше, 5 қазан күні Грозныйда қала күніне арналған концертке кіреберісте жарылыс болған.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер металл іздегіш аппараттың алдында тұрған бір топ адамның ішіндегі күдікті жас жігітке жақындай бергенде ол денесіне таңып алған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Жарылыстан бес полицей қаза тауып, 12-сі жараланған.

Жергілікті биліктің дерегінде күдікті адам - 19 жастағы Опти Мударов делініп отыр. Кейбір ақпараттар бойынша, ол Грозный тұрғыны, бұдан екі ай бұрын үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Жарылыс болардың алдында ғана Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 196 жылдығын атап өтіп жатқан Грозныйда болған жақсы өзгерістер туралы айтқан. Қадыров күні кеше үйіндіге айналған қала қайта қалпына келтірілді деген.

XS
SM
MD
LG