Accessibility links

Бразилия президенті сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін


Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилияда 5 қазанда өткен президент сайлауының алдын-ала нәтижелеріне қарағанда, елде сайлаудың екінші кезеңі өтуі ықтимал. Бюллетендердің 93 пайызын санағандағы нәтиже бойынша, екінші кезеңде қазіргі президент Дилма Русеф пен центристер жетекшісі Аэсио Невес бәсекелес болуы мүмкін. Алдын-ала қорытынды бойынша, Русефке сайлаушылардың 41 пайызы, Невеске - 32 пайызы дауыс берген.

Аэсио Невес - сенат мүшесі және Бразилия социал-демократиялық партиясының жетекшісі. Оппозициялық социалистік партия жетекшісі, бұрынғы қоршаған орта министрі Марина Сильва сайлауда 21 пайыз дауыс жинап, үшінші орында тұр. Ол сайлауға дейін қоғамдық сауалнамалар кезінде алдыңғы орында болған еді.

Сильва - қоршаған ортаны қорғауды ашық қолдайтын саясаткер. Кезінде ол Дилма Русефтің басқарушы Жұмысшы партиясынан шығып кеткен. Егер Дилма Русеф бұл жолы сайлаушылардың жартысынан көбінің дауысын жинай алмаса, онда 26 қазанда екінші орын алған үміткермен сайлаудың екінші кезеңіне қатысады.

XS
SM
MD
LG