Accessibility links

Латвия сейміне сайлауда "Согласие" партиясы озды


Рига қаласы. (Көрнекі сурет).
Рига қаласы. (Көрнекі сурет).

Латвияда өткен парламент сайлауында елдегі орыстілді тұрғындардың мүддесін қорғайтын "Согласие" социал-демократиялық партиясы жеңіске жетті. Партияны Рига мэрі Нил Ушаков басқарады.

Латвия орталық сайлау комиссиясының басшысы Арнис Цимдарстың 5 қазанда хабарлауынша, "Согласие" партиясына сайлаушылардың 23.13 пайызы дауыс берген.

Бірақ бұған қарамастан, жаңа министрлер кабинетін қазіргі басқарушы коалиция жасақтауы мүмкін. Құрамында қазіргі премьер-министр Лаймдото Страуюмо бар "Единство" бірлестігі сайлауда 21.76 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында 19.62 пайыз дауыс алған "жасылдар" мен шаруалар одағы ұйымы тұр.

Литва парламенті - сеймге бұлардан өзге "Барлығы Латвия үшін! - Отанға және еркіндікке", "Латвия аймақтарын біріктіру" әсіре оңшылдар бірлестігі мен "Латвия - шын ниетпен!" партиясы да өткен.

Латвия парламентіне сайлау 4 қазанда өткен. Дауыс беруге бір жарым миллионға жуық дауыс берушінің 5 пайызға жуығы қатысқан.

XS
SM
MD
LG