Accessibility links

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 37-орынға шықты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық теннис федерациясы) рейтингісіндегі 39-орыннан 37-орынға көтерілді.

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Зарина Дияс өткен аптада Қытай астанасы Пекинде халықаралық турнирдің екінші айналымына өтіп, соның арқасында рейтингтік ұпай алған.

37-орын - Зарина Диястың ең үздік нәтижесі. Бұған дейін ол жарыстардың біріндегі баспасөз мәслихатында биылғы жылдың соңына дейін үздік отыздыққа ену жоспары барын айтқан еді.

Зарина Дияс 2014 жылдың басында әлемдік рейтингте 112-орында тұрған.

XS
SM
MD
LG