Accessibility links

Сенат Еуразия одағы келісімін 9 қазанда қарайды


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімді ратификациялау жайын парламент сенаты 9 қазандағы отырысында қарайды деп хабарлады ресми ақпарат құралдары. Бұндай шешім бүгін сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында қабылданған.

Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімді парламенттің төменгі палатасы - мәжілістің депутаттары 1 қазанда бірауыздан мақұлдаған.

Келісім мақұлданған соң мәжіліс депутаттарын әлеуметтік желіде сынау күшейген. Әлеуметтік желіні қолданушылардың көпшілігі келісімді мақұлдағандарға қатысты "сатқын" деген тіркесті жиі қолданды.

Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімді Ресей парламентінің қос палатасы да мақұлдап қойған. Ал Беларусь парламенті келісімді ратификациялауға әлі кіріскен жоқ.

XS
SM
MD
LG