Accessibility links

Навальныйдың серігі шетелден саяси баспана сұрады


"Коррупциямен күрес қорының" директоры Владимир Ашурков.
"Коррупциямен күрес қорының" директоры Владимир Ашурков.

Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың серігі, "Коррупциямен күрес қорының" директоры Владимир Ашурков Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Ашурков бұл жайында Twitter-дегі парақшасында хабарлаған.

Ашурков саяси баспана сұрау туралы шешімін "Ресей билігінің саяси қуғынға салуымен" байланыстырып, одан ары түсінік беруден бас тартқан.

Бұрынғы банкир Ашурков Навальныйға жоғарғы биліктегілердің арасындағы коррупциялық әрекеттерді әшкерелеуге көмектесіп, Навальный былтыр Мәскеу мэріне сайлауға түскенде үгіт-насихат кампаниясына қаржы бөлген.

Бұған дейін ресейлік "Известия" басылымы Владимир Ашурковтың Ұлыбританиядан саяси баспана сұрағаны жайлы хабарлаған. Басылым Ашурков хатында "Ресейде көп жылдар бойы оппозициялық әрекеттерге қатысқандықтан" өзінің тұтқынға алынып, азапталуы және әділетсіз түрде сотталуы мүмкін екенін" айтқан.

Маусым айында Ресей тергеу комитеті Ашурковты тұтқындауға ордер беріп, Навальныйдың өзге екі серігін "алаяқтыққа қатысы бар" деп айыптаған. Ашурков кейін Ұлыбританияға кетіп қалып, қазір сол елде тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG