Accessibility links

Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшысын ескертті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын трасформациялауға арналған форумда қордың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды айтып, қор төрағасы Өмірзақ Шүкеевке ескерту жасады.

Астанада өтіп жатқан форумда сөйлеген Назарбаев қордың Air Astana, "Қазатомпром", "Қазақстан темір жолы" сияқты компанияларынан өзгелерінің, оның ішінде "Қазпочта", КЕГОК компанияларының "тиімділігі төмендегенін, әлемде басқа компаниялармен бәсекеге түсе алмайтынын" айтты.

"Өсім қазіргі мақтанып жүргеніміздей 2-3 пайыз болмауы тиіс. Таяу бес жылда кем дегенде 30-40 пайыздық өсім болуы қажет. Бұған толық қол жеткізуге болады" деді президент.

Назарбаев бұған қоса қордың атқарушы төрағасы Өмірзақ Шүкеевке қорда қызметке кадрларды "қоңырау шалу" арқылы емес, білімі мен тәжірибесі бойынша алу, қызмет сатысы бойынша көтермелеу міндетін қойып, оны атқара алмаған жағдайда қызметтен кететінін ескертті.

Қазақстан президенті форумда халықтық IPO бағдарламасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін, бірақ бағдарламаға қатысатын компаниялардың акциялары "пысықтық танытқан ірі инвесторлардың емес, қарапайым халықтың "иелігіне өтуін бақылайтындай" тетіктер қабылдануы керектігін айтты.

XS
SM
MD
LG