Accessibility links

Порошенко: Шекарада бақылау орнамаса бітім болмайды


Украина президенті Петр Порошенко АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландпен кездесіп отыр. Киев, 6 қазан 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландпен кездесіп отыр. Киев, 6 қазан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко украин әскері Ресеймен шекарада толық бақылау орнатпайынша Донбасста бейбітшілік орнауы мүмкін емес деп мәлімдеді. Бұл туралы Порошенко 6 қазанда Киевте АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландпен кездесуінде айтқан.

Порошенко украин шекарашылары Ресеймен шекарадағы өз орындарына толық оралуы қажет екенін ескерткен. «Шекарада Украинаның бақылауын қайта орнатпайынша бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін емес» деген Порошенко Нуландқа.

Порошенко бұған қоса Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылайтын шығыс аймақтарында қазір қалыптасқан жағдайды реттеу үшін еш нәрсе істелмесе, қыс кезінде гуманитарлық апат болатынын ескерткен. «Газ, электр қуатын тарату және азық-түлік жеткізу қалпына келтірілуі тиіс» деген Украина президенті.

XS
SM
MD
LG