Accessibility links

Сот белсенді Андрей Цукановтың әкімшілік ісін жапты


Азаматтық белсенді Андрей Цуканов.

Азаматтық белсенді Андрей Цуканов.

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімшілік соты азаматтық белсенді Андрей Цукановтың «озбырлық жасамағанын» анықтап, оның үстінен қозғалған әкімшілік істі жабу туралы шешім шығарды.

Андрей Цукановтың өзі сотқа қатыспаған. Сотта оның мүддесін адвокаты Жанар Балғабаева қорғаған.

Бұл әкімшілік іске Цукановтың биылғы шілде айында Балқаштағы психиатриялық клиникада «мәжбүрлі түрде» емдеуден өтіп жатқан құқық қорғаушы Зинаида Мухортовадан видеокамераға сұхбат жазып алып, оны интернетке салуы себеп болған.

Балқаш қаласының полициясы азаматтық белсендінің бұл іс-әрекетінде «озбырлық» белгілері бар деп тауып, оның үстінен іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG