Accessibility links

RBK банкі төрт күндік жұмыс аптасына көшті


Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық RBK банкі 6 қазаннан бастап аптасына төрт күн ғана жұмыс істейтін режимге көшті.

Банктің ресми сайтында хабарланғандай, төрт күндік режиммен әзірге бөлшек несие, кассалық қызмет көрсету және филиалдардың операциялық бөлімдерінің қызметкерлері ғана жұмыс істейді. Бірақ олардың бұған дейінгі аптасына бес күндік жұмыс режимі кезінде алып жүрген жалақы көлемі сақталмақ.

Банк кейін біртіндеп басқа да бөлімдерді де түгелдей төрт күндік жұмыс тәртібіне көшіруді жоспарлап отыр. RBK банкінің ақпаратында, төрт күндік жұмыс режимі аптаның бесінші күнін қызметкерлердің өз-өздерін дамытуына, біліктілігін арттырып, психологиялық жеңілденуіне жағдай жасау мақсатында енгізілгені айтылған.

XS
SM
MD
LG