Accessibility links

Душанбе билікке наразы топты "қылмыскер" деді


Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Душанбеде үкіметке қарсы шеру өткізбек болған оппозициялық топты «қылмыскерлер» деп атады. Ресейдің ТАСС агенттігіне 7 қазанда берген сұхбатында Рахимзода «Group 24» тобының жетекшілерін «Тәжікстанда түрлі қылмыс жасағылары келетін шетелде тұратын қылмыскерлер» деп сипаттаған.

Тәжікстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, Душанбенің орталығында 10 қазанда шеру өткізуге шақырған үндеулердің артында қуғындағы оппозиция жетекшісі Умарали Куватоб жетекшілік ететін «Group 24» тұр.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Тәжікстанда жүздеген вебсайттардың, олардың ішінде Facebook, Youtube сияқты танымал әлеуметтік желілердің бұғаулануына осы үндеулер себеп болуы мүмкін. Тәжікстанда 5 қазаннан бері жүздеген сайт ашылмай тұр.

Тәжікстан коммуникациялар агенттігі сайттардың бұғаулануына қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG