Accessibility links

Кобаниде ИМ және күрд жасақтары шайқасып жатыр


Кобанидегі шайқасты бақылап тұрған Түркия әскері. Сирия-Түркия шекарасы, 6 қазан 2014 жыл.
Кобанидегі шайқасты бақылап тұрған Түркия әскері. Сирия-Түркия шекарасы, 6 қазан 2014 жыл.

Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласында радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары мен сириялық күрд жасақтары арасында шайқас жүріп жатыр.

"Ислам мемлекеті" содырлары 6 қазанда қаланың оңтүстігіндегі стратегиялық маңызды жотаны басып алған. Бұдан соң қаланың оңтүстік және батыс жақтарына дендей енген содырлар бірнеше ғимаратты басып алып, қаланы үш жағынан қоршауға алды.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Түркия әскері шекарада Кобани қаласының тұрғындарын елдің оңтүстік-шығыс жағынан өткізбей тұр.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, АҚШ бастаған коалиция ұшақтары өткен түні қалаға бірнеше әуе шабуылын жасаған. Бірақ сириялық күрдтер әуе шабуылдары содырлардың шабуылын тойтара алмады дейді.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы күрд жасақтары мен сириялық көтерілісшілердің Кобани қаласы үшін шайқасы қыркүйектің ортасында басталған.

XS
SM
MD
LG