Accessibility links

Донбасста бес украин сарбазы оққа ұшты


Донецк әуежайы маңындағы ұрыста жараланған сепаратиске медициналық көмек көрсетіп жатыр. 7 қазан 2014 жыл.

Донецк әуежайы маңындағы ұрыста жараланған сепаратиске медициналық көмек көрсетіп жатыр. 7 қазан 2014 жыл.

Өткен тәулікте Украинаның шығысында үкімет күштерінің бес сарбазы қаза тауып, 28-і жараланған. Украина күштері қолбасшылығының хабарлауынша, биыл сәуірде ресейшіл сепаратистерге қарсы операциялар басталғалы бері қаза тапқан әскерилер саны 956 адамға жеткен.

Сепаратистер бақылауындағы Луганск және Донецк облыстарының билігінің хабарлауынша, соңғы қақтығыстардан бұл облыстарда жеті бейбіт тұрғын мерт болған. 5 қыркүйекте жасалған бейбіт келісімге қарамастан бұл аймақтарда қақтығыстар жалғасып жатыр. Ұрыс әсіресе үкімет әскері әуежайды бақылауда ұстап отырған Донецк маңында белсенді жүріп жатыр.

Берлиннің мәлімдеуінше, осы аптада гуманитарлық жүк тиеген Германияның 112 жүк көлігі Украина территориясына Польша жағынан кірген. Көліктерде мобильді асхана, генераторлар, қысқы киімдер, жылытқыштар мен жапқыштар тиелген.

XS
SM
MD
LG