Accessibility links

Канада парламенті Иракта ИМ-ге соққы беруді қолдады


Иракта "Ислам мемлекеті" тобына қарсы соғысып жатқан күрд жасақтары. (Көрнекі сурет)
Иракта "Ислам мемлекеті" тобына қарсы соғысып жатқан күрд жасақтары. (Көрнекі сурет)

Канада парламенті Иракта "Ислам мемлекеті" радикалдық ұйымына қарсы әуе шабуылын жасауды қолдап дауыс берді. Әуе шабуылын жасауға рұқсат ететін заң жобасын өткен аптада парламентте көпшілік орынға ие премьер-министр Стивен Харпердің консервативтік партиясы ұсынған.

7 қазанда өткен талқылауда ұсынысты 157 депутат қолдап, 134 депутат қарсы дауыс берген.

Құжат Канада қарулы күштеріне Иракта алты айға дейін әуе шабуылын жүргізуге рұқсат береді, бірақ Канада әскері құрлықтағы операцияларға қатыспайды.

"Ислам мемлекетінің" Ирак пен Сириядағы позицияларына қарсы әуеден соққы беріп жатқан халықаралық коалиция құрамында бірнеше батыс мемлекеттері мен араб елдері бар.

XS
SM
MD
LG