Accessibility links

Нуланд: FLEX-тегі Ресейдің орны Украинаға беріледі


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд. Киев, 7 қазан 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд. Киев, 7 қазан 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд Ресей FLEX мектеп оқушыларының білім алмасуы бағдарламасынан бас тартқаннан кейін бағдарламадағы орындар Украинаға қосымша бөлінетінін мәлімдеді. Киевте украин студенттері алдында сөйлеген Нуланд Ресейдің бұл бағдарламаға қатысудан бас тартқанына қынжылыс білдіріп, бірақ енді Ресейден босаған 300 орын украиндық оқушыларға берілетінін айтты.

Нуланд Украина парламенті - Жоғарғы Радаға және Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарында жергілікті сайлауларды еркін және әділетті өткізудің маңызды екенін айтқан. Оның сөзінше, Донбасс тұрғындарымен сөйлескенде оларға "біртұтас Украина құрамында келешегі көркем болатынын" түсіндіру қажет.

Нуланд бұған қоса украиндықтарды 26 қазанда өтетін парламент сайлауына кандидаттар туралы ақпараттарды мұқият тексеруге шақырды.

XS
SM
MD
LG